Сымды телефония мен пошта қызметі 8 млрд теңге субсидия алып отыр

559

Үйге оптикалық байланыс арқылы жеткізілген  интернетке демеуқаржы бөлінеді.

Сымды телефония мен пошта қызметі 8 млрд теңге субсидия алып отыр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауыл үйлеріне интернет тартқан телекоммуникация операторларын субсидияландыру мәселесі қарастырылып жатқанын жариялады.

"Қазіргі уақытта ауылдық елдімекендерде сымды телефония мен пошта қызметі жыл сайын 8 млрд теңге субсидия алып отыр. Болашақта интернетті ауыл үйлеріне дейін жеткізу үшін телеком операторларын ынталандыру мақсатында оптикалық байланыс және басқа технологиялар арқылы қосылған интернетті үйге жеткізуді субсидиялаймыз", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу