Алайда әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, сынның астында қалғандықтан жергілікті атқарушы орган конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.
"Облыс төлтаңбасының мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды", - делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Еске салайық, конкурсқа 130 дизайнер қатысты. Эскиздер ашық дереккөздерге желтоқсан айында пайда болып, үздік деп танылған 18 нұсқа таңдалған болатын. Онлайн дауыс беру нәтижесінде Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Шахибаден Сейіткеновтің жұмысы жеңімпаз атанды. Облыстың төлтаңбасын анықтау бойынша арнайы комиссия құрамы бекітіліп, оның төрағасы ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков болды.