Сынықшының кесірінен қолынан айырылды

1408

Маңғыстауда сегіз жасар баланың қолын кесуге тура келген.

Сынықшының кесірінен қолынан айырылды

Маңғыстау облысында велосипедтен құлап, қолы сынған баланы сынықшыға апарған. Дұрыс емдемегеннен баланың оң қолы шынтағына дейін гангренаға ұшырайды. Дәрігерлер оның қолын ота жасап, кесіп тастауға мәжбүр болған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.   

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, 2012 жылы туған бала облыстық балалар аурухансының травмотология бөлімшесіне 17 маусым күні ауыр жағдайда келіп түседі. Дәрігерлер оған "оң қолы шынтағына дейінгі гангрена" деген диагноз қойған. Баланың қолын аман алып қалу мүмкін болмағандықтан, шынтағына дейін кесілген.

Белгілі болғандай, сегіз жасар бала 6 маусым күні велосипед теуіп жүріп, қолын сындырып алған. Ата-анасы оны дәрігерлерге еес, емшіге апарады. Ол баланың қолының сынығын салып, алдымен үш күннен кейін, одан 21 күннен кейін келіңдер дейді. Ал жарақат алған қол біртіндеп қарая береді. "Ештеңе етпейді, солай болуы керек" деп жұбатады сынықшы. Әке-шешесі ұлдарының қолы жансызданып, ештеңе сезбей қалғанда ғана Жаңаөзен қалалық ауруханасына келіп, ол жерден шұғыл түрде баланы облыстық ауруханаға жібереді. 

"Біз барлық жағынан тексеріп көрдік. Бірнеше дәрігер қарады. Асқынып кеткенін айтты. Сондықтан, амал жоқ, қолын кестік. Олай болмаған жағдайда ісік денеге тарап, өліп кету қаупі болды",-  дейді балалар дәрігері Қайрат Құрманов. 

Қазіргі күні бұл дерек бойынша Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы айналысып жатқаны мәлім болды. Алайда, баланың ата-анасы тарапынан емшінің үстінен шағым берілмеген.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу