Сыныптастарының көзінше мұғалімін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды

770

Жағымсыз оқиға Марқакөл ауданында болған.

Сыныптастарының көзінше мұғалімін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды Фото: ЖИ

Шығыс Қазақстан облысында мұғалімге былапыт сөз айтқан 17 жастағы ұл балаға 30 275 теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сот анықтағандай, 2026 жылы 19 қазанда сабақ барысында жасөспірім сыныптастарының көзінше сынып жетекшісін былапыт сөздермен балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзған", – деп хабарлайды ШҚО соттары.

Сот оның әрекетін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабын бұзды деп есептеп, оған айыппұл салған.

"Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл аудандық соты 17 жастағы оқушыға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 30 275 теңге көлемінде айыппұл салды", – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу