"Сыр елі жастары" ипотека беру бағдарламасы іске қосылмақ

1297

Қызылорда облысында биылдан бастап "Сыр елі жастары" атты жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы іске қосылады.  

"Сыр елі жастары" ипотека беру бағдарламасы іске қосылмақ Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Бұған түрлі қаржы көздерінен 1 млрд 700 миллион теңге қаралып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Сыр өңірінде 30 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр. Соның 7 мыңға жуығы жастар екен. Қатысушыларға қойылатын басты талап, кейінгі 2 жылда облыста тіркеуде тұруы керек. Бағдарламаға 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңілдетілген несие 19 жылға 5 пайыздық үстемемен рәсімделеді. Алғашқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызы төленеді. Бағдарламаға білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика салаларында еңбек етіп жүргендер, сондай-ақ мемлекеттік, азаматтық және әлеуметтік қызметкерлер де қатыса алады. Үйлердің бағалары шамамен 13-14 млн теңге көлемінде болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу