Сыр елінде Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы, Роза Бағланованың 100 жылдығы атап өтіледі

1119

Қызылорда облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 266 іс-шараны қамтитын кешенді жоспар бекітілген. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордада өтіп жатқан халыққа есеп беру кездесуінде баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сыр елінде Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы, Роза Бағланованың 100 жылдығы атап өтіледі

Өңір басшысының айтуынша жыл басынан бері 12 бағыттағы 266 іс-шараның 70-і өткізілген.

"Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығына арналған іс-шаралар, республикалық айтыс, ақын, жырау Кете Жүсіптің 150 жылдығына арналған жыраулар мен жыршылар байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз. "Дала академигі" Ыбырай Жахаевтың 130, КСРО халық артисі, әнші Роза Бағланованың 100 жылдықтарын атап өтеміз", – деді Қызылорда облысының әкімі.

Сонымен қатар Гүлшара Әбдіқалықова аймақта ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеуге және ел тарихын зерттеуге ерекше назар аударылып жатқанын атап өтті.

"Осы жылдың мамыр айында ең ежелгі өркениет орталықтары болған қалалар – сақтардың астанасы Бәбіш мола, оғыздардың бас қаласы Жанкент, қыпшақтар мен Қазақ хандығының астанасы – Сығанақ қалаларының орнында археологиялық зерттеулер басталды", – деді аймақ басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу