Сыр өңірі күріш оруға кірісті

1214

Сыр өңірі күріш оруға кірісті

Ағымдағы жылы 181 мыңнан астам гектарға дән сепкен қызылордалық диқандар арпа, бидай, жоңышқа, мақсары, жүгері мен сұлыны жинап алды. Сонымен қатар 600 мың тоннадай мал азығы дайындалды. Ендігі кезек күріште, деп жазады 24kz.

Қазіргі таңда облыс көлемінде күріш дақылының суы толық байланып, атыздардың суы қашыртқыға шығарылды. Сыр еңбеккерлері орташа есеппен әр гектардан 55-60 центнерден өнім жинауды межелеп отыр. Негізгі дақыл күріш облыс бойынша 90 мың гектарға егілді. Сабағы дәнге толып, басын көтере алмай тұрған ақ күріш мехнатты тірліктің көрінісі. Өңірде 2 мыңға жуық трактор тіркемесімен, мың шақты комбайн жиын-терін жұмыстарына кірісуге сақадай сай тұр.

Аймақта алғаш болып Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылының шаруалары егін жинау науқанына кірісіп отыр. Жер тегістеу, күріш баптаудың озық технологияларын өндіріске енгізудің арқасында шаруашылық өткен жылы әр гектардан 75 центнер өнім алған болатын. 2 мың гектарға жуық алқапқа тұқым сепкен егінші қауым ішінара саралап ору, атыз-арықтың жиектерін ашу жұмыстарын бітіріп, енді жаппай оруға көшті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу