Сыр өңірінде 11 айда 28 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды

136

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

Сыр өңірінде 11 айда 28 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сыр өңірінде экономиканың барлық саласында 2022-2024 жылдары 80742 азамат тұрақты жұмысқа  орналасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының "10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру" тапсырмасы 2022-2024 жылдары 42 пайыз артығымен орындалып, 37 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, биылғы жылы 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жоспар 12,9 пайыз артығымен орындалды. 

2023-2025 жылдары "Ауыл аманаты" жобасы аясында 100-ден астам елді мекенде 6 млрд. 828 млн. теңгеге 943 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 1 303 жұмыс орны құрылды", – деді Н.Нәлібаев.

Аймақта жұмыссыздық көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. Атап айтсақ, 2022 жылы 4,9%, 2023 жылы 4,9%, 2024 жылы 4,8%, 2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен 4,6% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу