Сыр өңірінде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы қабылдануы мүмкін

835

Оны жүзеге асыруға 28 млрд теңге бөлінбек. 

Сыр өңірінде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы қабылдануы мүмкін

Облыс басшысы Гүлшара Әбдіқалықова өңірде балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданып, оны іске асыруға 28 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын мәлім етті. 

"2030 жылға дейін аймақта 55 тауарлы балық аулау фермасы іске қосылады. Жаңа өндіріс тауарлы балық көлемін 34 есеге арттыруға жол ашады. Нәтижесінде балық өнімінің экспорты 4,2 тоннадан 8,5 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Бұған қоса өңірде 10 тоған және 4 торлы ферма құрылғысы салынбақ", – деді ол. 

Гүлшара Әбдіқалықованың сөзінше, ішкі нарық қажеттігін қамтамасыз ету үшін шағын өндіріс орындарының үлесі артып келе жатыр.  

"Осы жылы Сыр өңірінде макарон, бұқтырылған қой, сиыр және жылқы етінен консерві дайындау өнідірісі ашылады. Облыста жылына 1500 тонна құс етін шығаратын зауыт жұмысын бастайды. Бұған қоса испан технологиясы бойынша ас тұзын шығаратын цех, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт, 1200 басқа арналған ірі қара малын өсіру және сүт өңдеу кешені құрылысы басталмақ", - деді аймақ басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу