Сыр өңірінде бизнес-жобаларға қаржылай қолдау көрсетілді

516

Сыр өңірінде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәселен, 2023 жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден 23 млрд. теңге қаралып, жыл басынан бері 1700 жобаға қаражат берілді.

Сыр өңірінде бизнес-жобаларға қаржылай қолдау көрсетілді

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

"Шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық берілуде. Биылға әртүрлі көздерден 23 млрд. теңгеге жуық қаржы қаралып, жыл басынан бері 1700 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде, "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде жыл басынан бері жалпы несие портфелі 8,6 млрд. теңгені құрайтын 168 жоба субсидияланды", – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 33%-ға ұлғайып, 76 мыңға, жұмыс істеп тұрғандарының саны 39,2%-ға ұлғайып, 72,1 мыңға жетті.

Өткен жылы облыста елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама кәсіпорындарды жаңарту және жаңа өндірістерді іске қосу үшін мемлекет тарапынан қолдау шараларын тиімді пайдалануға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылдан бастап ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін "Ауыл аманаты" жобасы жүзеге асырылып, 2,5%-бен жеңілдетілген несие берілуде. Бұған қоса, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына да 2,5%-бен несие, қайтарымсыз гранттар беру жалғасуда. Бұл мемлекеттік қолдау шаралары өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу