Майдангерлердің ең үлкені – 102 жаста.
Жалпы, Қызылорда облысында 2000-нан астам тыл еңбеккері бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Өткен жылы 9 мамырды қарсы алған қызылордалық 6 қарт майдангер 1,5 миллион теңге төленген еді. Сондай-ақ, бір соғыс ардагеріне үй және екіншісіне көлік берілді. Биыл да бір ардагерге Қызылорда қаласынан үйдің кілті табысталса, қалғандарына басқа демеушілер есебінен ақшалай және материалдық көмек көрсетілген.
Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірдегі соғыс ардагерлерінің ең үлкені – 102 жаста. Осы күні Қызылорда қаласы, Қазалы және Сырдария ауданының әкімдігі Жеңіс күні қарсаңында төлемдерді уақытылы аудару бойынша жұмыстарды ұйымдастырып жатыр. Майдангерлерге 2,5 миллион теңге (2 510 560 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем аударылмақ.
Қызылорда облысында 2040-тан астам тыл еңбеккері тіркелген, олардың біреуі – "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің 7 жесірі тұрады. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және соғыс кезінде алған жарақат салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілгендер саны – 1894.