Сыр өңірінде күрішке орақ түсті

998

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өңір шаруаларын құттықтап, егін жинау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысты. 

Сыр өңірінде күрішке орақ түсті

Жалағаш ауданында "Тан ЛТД" ЖШС егіс алқабында жыл сайынғы "Дала күні" семинар-кеңесі өтті. Шара аясында өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдері мен арнайы техникалар көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өңір шаруаларын құттықтап, егін жинау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысты. 

"Өздеріңіз білетіндей, аймағымызды 6 жылдан астам уақыт басқарған бұрынғы облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың тікелей қолдауымен облыстың ауыл шаруашылығы саласын 2020 жылға дейін дамытудың агрокартасы қабылданып, жүзеге асырылуда. Соңғы 5 жылда облыстың жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 2,6 пайыздан 3,7 пайызға ұлғайды. Аймақтың экспорттық әлеуеті де артты: егер 2013 жылы біз тек 3 өнім түрін экспорттаған болсақ, қазір олардың саны 18-ге жетті", – деп атап өтті аймақ басшысы.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі семинарда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м. а. Сейілбек Нұрымбетов 2019 жылғы ауыл шаруашылығы саласының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады.

"Биылғы жылы облыс бойынша 183,1 мың га ауыылшаруашылық дақылдары егілді, оның ішінде негізгі дақыл күріш – 87,9 мың га. Өткен жылмен салыстырғанда күріштен басқа дәнді дақылдардың егістік алқабы 2,4 мың га, мал азықтық дақылдары – 3,4 мың га, картоп, көкөніс және бақша дақылдары-639 га артты. Облыста алғаш рет соя және қант құмайы егілді. Аймақтағы шаруашылықтар минералды тыңайтқыштар, гербицидтер мен ауыл шаруашылық техникаларын дайындады, метеорологиялық болжам қолайлы, өнімді жинау жоспарланған мерзімде аяқталады деп күтілуде", – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу