Сыр өңіріндегі кооператив саны 223-ке жетті

1216

 Сыр өңіріндегі кооператив саны 223-ке жетті

Бүгінде Сыр өңіріндегі кооператив саны 223-ке жетті, деп хабарлайды khabar.kz.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағытын жүзеге асыру бойынша Шиелі ауданы көш басында келеді. Мәселен, 35 майда шаруашылықтың басын біріктірген "Шиелі төрт түлігі" өндірістік кооперативінің 750 түйесі бар. Тәулігіне мың тонна шұбат өндіреді. Өңделген түйе сүтінен "АруАна" атауымен шығарып отыр. Бір жарым жылдың ішінде кәсіпорын өнімдер түрін көбейтіп, қаймақ, қатық-айран, құрт-сүзбесін де саудалауда.  Басты меже – агроқұрылым әлеуетін арттырып, ауылдықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарта түсу. Ата кәсіпті түлетушілер мемлекеттік қолдаудан да кенде емес. 

"Биылғы жылы облыста индикативтік жоспар бойынша 19 жеке кооператив құрылу керек болса, биылғы жылдың өзінде 20 кооператив құрылып отыр. Қазіргі таңда осы кооперативтерге мал басын алу мен құрал-жабдық алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 15 кооперативке 1 млрд 56 млн теңге қаржы бөлінді." - дейді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу