Сыр өңірінің балығы 13 мемлекетке экспортталып жатыр

201

Биыл облыс бойынша барлығы 4 312,4 тонна балық ауланған. 

Сыр өңірінің балығы 13 мемлекетке экспортталып жатыр Фото: inbusiness.kz

Сонымен қатар, өңірде балықтың 24 түрі мекендейді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар 201 көл бар. Кіші Арал теңізі толықтай және 175 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 26-сы резервтік қорда тұр. 

Жыл басынан бері облыс бойынша 4 312,4 тонна балық ауланса, оның 2 408,9 тоннасы Ресей, Дания, Қытай, Нидерланды, Германия, т.б. сынды 13 мемлекетке экспортталды, - делінген Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы таратқан ақпаратта. 

Экспортталатын балықтардың негізгі түрлеріне тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке жатады. 

Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу