Сыр табиғатымен танысуға сырттан келетіндер саны артты

756

Сыр табиғатымен танысуға сырттан келетіндер саны артты

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қаңтар-маусым айында облысқа келген туристер саны 9981 адамды болды. Осылайша Сыр табиғатымен танысуға сырттан келгендер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 4,9%-ға артты, деп хабарлайды кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілдері. Келушілерді орналастырумен 89 нысан айналысқан.
Өткен жылы Қазақстан туристік ассоциациясы Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағытта бекіткен болатын. Қаратау мен Аралдың аралығын қамтитын осы бағыттар бойынша толық  мағлұмат Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ, бұл ақпаратпен қазақстандық туристік операторлар да қамтамасыз етілді.  
Сырттан келетіндер біздің аймақтағы тарихи орындармен танысып, танымын кеңейте түсуі үшін басқарма сайтынан жаңадан "Туризм" айдары ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу