"Сыр жастары" бағдарламасы: алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беріледі

672

Бағдарламаға бюджеттен 1,7 млрд теңге қаржы қаралған.

"Сыр жастары" бағдарламасы: алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беріледі Фото: ortcom.kz

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі әлеуметтік саланың дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында облыс көлеміндегі ауылдарды дамытуға биыл 17,1 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржы елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымдарын жаңғыртуға, әлеуметтік нысандарды салу мен жөндеу жұмыстарына, мамандарды әлеуметтік қолдауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталуда. 

"Осы жұмыстарға тұрғындарды ынталандыру мақсатында биылдан бастап облыста "Үлгілі елді мекен" конкурсы өткізілуде. Конкурс нәтижесінде жеңімпаздарға 14 техника табысталатын болады. Бұдан бөлек, қаланың жеңімпаз шағын аудандарына қосымша скверлер мен спорттық алаңдар салынып, көше, аулаларға жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі", – деді Н. Нәлібаев. 

Сонымен қатар әкім тұрғын үй саласы мен инфрақұрылымды дамыту саласында қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды. Оның айтуынша, облыс көлемінде 31,4 млрд теңгеге 130 мың шаршы метр 1924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл 30 үй ел игілігіне табысталады. 

"Арнайы қабылданған "Сыр жастары" бағдарламасы аясында алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беріледі. Бұған барлығы 1,7 млрд теңге қаржы қаралды", – деп нақтылады облыс басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу