Қараөзек станциясынан басталатын алып құрылыс өндіріске серпін әкеледі

823

 Қараөзек станциясынан басталатын алып құрылыс өндіріске серпін әкеледі

Енді Сырдан Сарыарқаға газ құбыры тартылмақ. Бұл Қараөзек газ тарату станциясынан басталатын алып құрылыс жаңа жұмыс орнын көбейтіп, өндірісімізге серпін әкеледі, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда облыс халқының 63 пайызы табиғи газ тұтынуда. Соңғы жылдары Қызылорда қаласын газдандыру елеулі артып, 7 аудан орталығының 4-не газ жеткізілді.

2017 жылы Белкөл кентіне табиғи газ жеткізу аяқталды және Байқоңыр қаласына газ тарту жұмыстары басталды. Биыл Жосалы кентін газдандыру жұмыстары басталады және аудан орталықтары – Жалағаш, Тереңөзек кенттеріне құбырлар тартылады. Одан кейінгі кезекте елдімекендер көгілдір отын игілігін көрмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу