Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин Сырдария өзенінің бассейніндегі су деңгейіне қатысты түсініктеме берді.
"2023 жылы Түркістан және Қызылорда облыстарындағы Сырдария өзенінің бассейні бойынша өңірдің басқа өзен бассейндері сияқты суы аз кезең үрдісі сақталуда", – деді спикер.
Өткен вегетация аралық кезеңде Шардарада ағын 2231 млн текше метр болжамды мәндерден артық болды.
Соның нәтижесінде Шардара су қоймасы мен Көксарай конррегуляторы жобалық мәнге дейін толтырылып, Қызылорда облысының көл жүйелеріне, сондай-ақ жайылымдық, шабындық жерлерге су беру жүзеге асырылған.
"Бүгінгі күні Шардара су қоймасы мен Көксарай контррегуляторында 6,39 млрд куб су жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,9 млрд текше метр артық көрсеткішті құрайды", – деді вице-министр.