Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді

2261

Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді

Су басу қауіпінің алдын алу мақсатында ПМК-29 аумағын бекіту жұмыстары жүргізілуде
2017 жылғы 28 желтоқсанда өзен арнасындағы мұз кептелістері салдарынан су деңгейі көтеріліп, Сырдария өзенінің ескі арнасы толысып, ПМК-29 саяжайының ішкі каналына көп мөлшердегі судың түсуінен тұрғын жайдың ауласына су жайылған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
Жалпы ПМК-29 саяжайы өзен арнасындағы су деңгейі жоғарылау кезеңдерінде су жайылатын аймақ болғандықтан тұрғындарға алдын- ала ескертпе хаттар таратылған.
Саяжайда барлығы 36 тұрақжай бар. Оның ішінде адамдардың қысы-жазы тұрақты тұрып жатқаны - 2 отбасы.
"Осыған байланысты, бекітілген жауапты мекемелердің арнайы техникаларын (6 жүк көлігі, 1 трактор, 1 экскаватор) жұмылдыра отырып, су жайылудың алдын-алу мақсатында топырақпен бекіту жұмыстары жүргізілуде. Саяжайды су басу қауіпі туындаған жағдайда алдын алуға жұмылдырылатын барлық күштер мен құралдар дайын", - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу