Сырдария өзенінің Қазақстаннан өтетін бөлігінде су деңгейі қауіпті көрсеткішке жетті, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Қызылорда облысынан өтіп жатқан өзеннің су деңгейі 612 сантиметрге жетті.
"Сырдария өзенінің Қазалы қаласындағы гидрологиялық бекетінде мұз қатуға байланысты су деңгейі +28 сантиметрге көтеріліп, сағат 08:00-ден бері қауіпті деңгейге жетті", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ "Қазгидромет" сағат 14:00-де су деңгейі 612 сантиметрге тұрақтағанын мәлімдеді.
"640 сантиметр қауіпті деңгей. Ал ең жоғарғы көрсеткіш 743 сантиметр. Елді-мекенді су басуы мүмкін. Ары қарайда да су деңгейінің көтерілуі күтілуде", – деп хабарлады "Қазгидромет".