Сырдарияға батып кеткен 11 адамға қатысты тың дерек

9300

Түркістан облысында Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кеткен, әзірге 8 құрбанның денесі табылды.

Сырдарияға батып кеткен 11 адамға қатысты тың дерек Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Осыған дейін хабарланғандай тойдан қайтқан туыстар суға шомылмаған, аяғы тайып кеткен адамды қалғандары құтқармақ болған, деп жазады Inbusiness.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі 21 тамызда сағат 18:00 шамасында тұрғындардан адамдардың суға батып кеткені туралы қоңырау келіп түскенін хабарлады. Өзен жағасындағы 20 адамның 11-і суға батып кетті.

"Олар бір отбасының мүшелері немесе тегі бір туыстар болған, яғни бірнеше ағайындылар балаларымен жүрген. Туыстары айтқандай, олар тойдан кейін шығып, өзен жағасында демалуға шешім қабылдады. Жағалау өте тайғақ, су асты бірден тереңдей түседі. Шамасы, аяғы тайып кеткен адамды қалғандары құтқармақ болған. Тіпті олар шомылып үлгермеген, бәрі киімде болды. Бұл жер шомылуға арналмаған", — деді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сырдария өзенінде суға батқан 11 адамның 8-нің денесі табылды. Қалған іздестіріліп жатқан 3 адамның да екеуі жасөспірім, біреуі кәмелет жасына толмағаны анықталды.

Іздеу шараларына 144 адам, 16 техника мен 6 жүзу құралы және 2 дрон жұмылдырылды. Қайғылы жағдай кеше кешкісін Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу