Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала бой көтермек

814

Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала бой көтермек

Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала құрылысының алғашқы іргетасы қаланды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл Қызылорда облысында елбасы жолдауына сәйкес, барлық қаржыландыру көздерінен 2211 пәтерлі 150,3 шаршы метрді құрайтын 40 көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланған болатын. Осы жоспар бойынша Сырдарияның сол жағалауынан Қызылорда қаласының бас жоспары негізінде жаңа қала құрылысы басталып, алғашқы іргетасын қалау рәсімі өтті.

– Біз бүгін тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Сырдарияның сол жағалауын игерудің алғашқы қадамы ретінде былтыр дария үстінен жаңа көпір пайдалануға берілді. Бүгін сол жағалаудан 18 көпқабатты тұрғын үй мен 320 орындық бала бақшаның іргетасы қаланбақ. Бұл нысандар құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен салынғалы тұр. Ал, 742 млн теңгені құрайтын балабақша құрылысы "Абу-Сер" ЖШС арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізілетін болады, - деді  шараға қатысқан облыс әкімі Қ.Көшербаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу