Сырқатқа шалдыққан мыңдаған адам мемлекеттік көмектен қағылды

Оларға тиісті төлем берілмей келген. 

Сырқатқа шалдыққан мыңдаған адам мемлекеттік көмектен қағылды Фото: gov.kz

Елімізде әлеуметтік маңызы бар дерт деген ұғым бар. Сырқаттың осы түрлеріне шалдыққан азаматтарға мемлекет тарапынан тұрақты түрде қаржылай көмек көрсетіледі.

Алайда кейбір шенеуніктердің салғырттығы салдарынан Павлодар облысындағы 27 мың адам бұл мүмкіндікті пайдалана алмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, әлеуметтік маңызды деп есептеліп, сол санатқа жататын аурудың 13 түріне шалдыққан азаматтарға ақы төленуі тиіс. Өңірде мұндай төлем сырқаттың тек бес түрі бойынша жасалып келген.

"Тексеріс нәтижесінде Ақсу қаласындағы нормативтік-құқықтық актке өзгерістер енгізілді. Енді арнайы төлеммен 1366 адам қамтылды. Түрлі сырқаты бар бұл азаматтарға қосымша 50 млн теңге төленеді",  деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратурасы. 

Сол сияқты басқа аудан-қалалардағы олқылықтардың да орны толтырылмақ. Мұндағы азаматтарға барлығы 700 млн теңгеден астам сома қайтарылады. Оған қоса, бюджетті қайта қарап, құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізіледі.

Мұның барлығын ескере келе, кемшілікке жол берген қызметкерлерді жауапқа тарту мәселесі қаралуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу