Сырқаттанғандар саны артып келеді

967

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді.  

Сырқаттанғандар саны артып келеді

"Жалпы республика бойынша өткен жылдың қараша айынан бастап желтоқсан айын салыстырар болсақ коронавируспен сырқаттанушылықтың 1,2 есе өсуі байқалды. Орташа өсу үрдісі қаңтарда сақталуда. Желтоқсанмен салыстырғанда індет жұқтырғандар саны 1,4 есе өсті.  Сырқаттанушылықтың айтарлықтай өсуі Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалады. Қазіргі кезде елімізде 27 900 науқас емделуді жалғастыруда. Оның ішінде амбулаториялық ем қабылдап жатқандар – 22 112 адам, стационарлық ем қабылдап жатқандар - 5 788 адам", – деді вице-министр.

Қазіргі кезде едіміздегі стационарларда 20 990 төсек-орны әзірленген. Сонымен қатар республика бойынша инфекциялық ауруханалардың 28%-ында науқастар ем қабылдауда.

"Инфекциялық стационарларда реанимациялық көмек көрсету үшін 1 884 орын дайын. Реанимациялық төсектердің көп бөлігі Алматы қаласында (48%) орналасқан. Қажет болған жағдайда қосымша 31 мыңға жуық төсек-орнын ашу мүмкіндігіміз бар. Бірінші кезекте халыққа жоспарлы көмек, басқа да сырқаттар бойынша көмек көрсетуді шектемеу үшін мамандандырылған көмек көрсетуге бойынша басқа медициналық ұйымдар іске қосылатын болады және ондай резервте 5000-дай төсек-орын әзірленген", – деді Ажар Ғиният.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу