Сырқаттану көрсеткіші 3,8, өлім көрсеткіші 2,8 есе азайды

672

Соңғы 2 аптада коронавируспен ауырған қазақстандықтардың саны 23%-ға қысқарды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сырқаттану көрсеткіші 3,8, өлім көрсеткіші 2,8 есе азайды

"Әлемдік рейтингтегі 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 101-орында тұр", – деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, Павлодар облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

"Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы "сары", қалған 10 өңір "жасыл" аймаққа өтті", – деді Алексей Цой.

Оның сөзінше, соңғы 2 айда сырқаттану көрсеткіші 3,8, өлім көрсеткіші 2,8 есе азайды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу