Сырқаттанушылық көбіне егілмеген балалар арасында тіркеледі

1281

Қабылданған шаралар арқасында қызылшаға шалдығудың төмендеу үрдісі байқалады, дейді бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшин.

 Сырқаттанушылық көбіне егілмеген балалар арасында тіркеледі

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қыркүйек айында республика бойынша қызылшамен сырқаттану наурыз айымен салыстырғанда 6,7 есе төмендеген.

"Бүгінгі күні қызылшаның 10 896 жағдайы тіркелді. Сырқаттанушылық көбіне егілмеген балалар арасында тіркеледі, олар сырқаттанушылықтың 60,4%-ын құрайды. Қызылшаның республиканың барлық аймақтарында тіркелгені байқалады. Ең көп сырқаттану Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді, онда 3 мыңнан астам адам ауырды, мыңнан астам жағдай Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында тіркелді",– дейді ол.

Ол ауру ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатқанын, қызылшаға қарсы 18 мыңнан астам адам егілгенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу