Сыртқы істер министрі Астанаға қарулы оппозиция өкілдерінің келетінін айтты

738

Сыртқы істер министрі Астанаға қарулы оппозиция өкілдерінің келетінін айтты

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия мәселесі бойынша Астанада өтетін келіссөздерге сириялық қарулы оппозицияның да қатысатынын растады, деп хабарлайды Интерфакс.

Сирия қарулы оппозициясының өкілдері "Астана – 6" кездесуіне қатысатын болды, келіссөз жасауда да белсенділік танытпақ.

"Қазақстанның елшілігіне сириялық қарулы оппозиция өкілдері ресми хабарласып, виза ашу туралы өтініш білдірді. Бұл дегеніміз өткен кездесулердегідей, Сирия мәселесін көтеріп, шешімге келуге олар да қатысады деген сөз", - деді министр журналистерге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу