Сыртқы істер министрі БҰҰ елшісімен кездесті

887

Сыртқы істер министрі БҰҰ елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ бас хатшысының Ауғанстандағы арнайы елшісі, БҰҰ Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының басшысы Тадамичи Ямамотоны қабылдады.

Кездесуде тараптар Ауғанстан аумағында жалғасып жатқан дау тұрғысында өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ осы елге экономикалық жәрдемдесу мәселесі де талқыланды.

Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Ауғанстанның тұрақты әрі қауіпсіз болуына мүдделі екенін айтты.

"Ауғанаралық ұлттық диалог қана ішкі шиеленістің төмендеуіне ықпал ете алады. Қазақстан жыл сайын азық-түлік, ЖЖМ және әртүрлі жабдық жеткізіп, гуманитарлық көмек көрсетеді, ауғандық студенттердің Қазақстан жоғары оқу орындарында білім алу бағдарламаларын іске асырады, Қазақстан қаражаты есебінен мектеп пен жол құрылысын жүзеге асырып жатыр", – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу