"Синдзо Абэмен қоштасу рәсіміне 6 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде Жапонияның жоғары лауазымды саясаткерлері, Парламент депутаттары және 200-ден астам ел мен халықаралық ұйымдардың шетелдік делегациялары бар", – дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Министр Мұхтар Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, С.Абэның еліміздің жақын досы болғанын және екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті. Отандық делегация басшысын Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишида қабылдаған.
Сонымен қатар сапар аясында Қазақстан СІМ басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяшимен екіжақты кездесу өтті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытуды талқылап, халықаралық ахуал мен сауда-экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасты.
"Орталық Азия + Жапония" диалогы Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің 9-отырысын желтоқсанда және Қазақстан-Жапония үкіметаралық және жеке секторлар арасындағы бірлескен комиссиясының 8-ші отырысын 2023 жылы ақпанда Токиода өткізуге келісті.