Сыртқы істер министрлігі Әбибуллаевқа қатысты жанжалға барынша байыппен қарайтын болады

721

Сыртқы істер министрлігі Әбибуллаевқа қатысты жанжалға барынша байыппен қарайтын болады

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов еліміздің Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтай Әбибуллаевтың мемлекеттік қызмет әдебін бұзуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

 "Мемлекеттік қызмет әдебін бұзу жайында болып отыр. Толықтай алғанда, Сыртқы істер министрлігі мен ҚР президенті жанындағы жоғарғы консультативтік кеңес бұл істі қарауға барынша байыпты кірісті. Біздің министрлікте бұзушылықтарға қатысты нөлдік төзімділік ұстанымы бар. Қазіргі уақытта бізге жоғары инстанциядан келетін материалдарды күтіп отырмыз", – деді министр Үкімет отырысы алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айта кетейік, таяуда, мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Алтай Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу