Сыртқы істер министрлігі ҚХР уәкілетті органдарымен келіссөздерді жалғастыруда

485

ҚР ҚМ МКК Қазақстан мен Қытай шекарасындағы қалыптасқан жағдай туралы түсінік берді.

Сыртқы істер министрлігі ҚХР уәкілетті органдарымен келіссөздерді жалғастыруда

Еске сала кетсек, Қытай пандемия жағдайында қазақстандық тараптан қабылданатын көліктердің санын шектеген болатын. Індеттен бұрын "Нұр Жолы" бақылау-өткізу пункті арқылы Қытай тарапына күніне 200-ден астам көлік бірлігі қатынаса, пандемия басталғаннан бері бұл сан күніне 20-30 бірлікке дейін төмендеді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, мәселені шешу үшін Қытай тарапының тәулігіне 80 бірлікке дейін жеткізілетін көлік көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірқатар шара қабылданған. Алайда биылғы жылдың 10 қарашасынан бастап Қытай тарапы қазақстандық тараптан қабылданатын көліктердің санын тағы шектеген, ал экспорттық тауарлары бар көліктер қабылданбайды.

"Биылғы жылдың 26 ​​қарашасында Қытай тарапы "Евроотранзит" көліктік-логистикалық орталық аумағында қазақстандық көліктерге тиелген жүктері бар 7 тіркеме ғана шығарды. Осыған байланысты, мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚХР уәкілетті органдарымен келіссөздерді жалғастыруда",– дейді комитеттен.

Фото: kazakh-tv.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу