Сыртқы істер министрлігі Мадридтегі жарылысқа қатысты мәлімет таратты

911

ҚР Сыртқы істер министрлігі Испания астанасындағы жарылысқа қатысты ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

 Сыртқы істер министрлігі Мадридтегі жарылысқа қатысты мәлімет таратты

Еске сала кетейік, бүгін жергілікті уақыт бойынша 15:00 шамасында Мадрид қаласының Толедо көшесіндегі ғимараттардың бірінде жарылыс болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Қазақстанның Мадридтегі консулы жергілікті билікпен байланыста.

Қазіргі кезде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталып жатыр.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу