"Біз барлық қатысушы тараптарды бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандықтан аулақ болу және аймақтағы толыққанды соғысты тудыруы мүмкін жағдайдың одан әрі нашарлауына әкелетін кез-келген әрекеттен бас тартуға шақырамыз. Осыған байланысты келіспеушіліктерді тек БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттары шеңберінде саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін жедел шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтеміз", – деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Смадияровтың айтуынша, Қазақстан жағдайды тұрақтандыруға және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтың бастамаларына өзінің тұрақты қолдауын растайды.