Сыртқы істер министрлігін Мұхтар Тілеуберді басқарады

1847

Бұған дейін ол ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Сыртқы істер министрлігін Мұхтар Тілеуберді басқарады

Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия елдері басқармасының атташесі, үшінші хатшысы.

1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы.

1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы.

2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігінің кеңесшісі, ҚР істерінің Израильдегі Уақытша сенімді өкілі.

2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі.

2004 жылдан бастап ҚР Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі,

2005 жылдан бастап Қазақстанның Индонезиядағы, Бруней Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды.

2009 жылдан бастап ҚР-ның Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі және басқа да халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі, Қазақстанның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, еліміздің Лихтенштейн кіняздігіндегі және Ватикан мемлекетіндегі дипмиссиясының басшысы міндетін қоса атқарушы. 2016 жылғы наурыз айынан бері ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу