Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сириядағы лаңкестік оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ведомостовның баспасөз қызметі таратқан ақпарға қарағанда, Алеппо шаһарында жарылған автобуста Қазақстан азаматтары болған жоқ. Естеріңізге салсақ, 15-сәуірде Сирия орталығындағы ірі қалада жолаушылар мінген қоғамдық көлікке ланкестік шабуыл жасалып, 126 адам марқұм болған еді. Оның 68-і балалар. Тағы 200-ге тарта азамат жарақат алған.
Сыртқы істер министрлігі:
"Қазақстан террорлық әрекеттердің барлығын да қатаң сынайды. 2017 жылдың 15 сәуірінде болған оқиға 100-ден астам бейбіт тұрғынның өмірін алып кетті. Қазақстан бұл лаңкестермен күресіп жүргендермен бірге және әрдайым қолдау көрсетуге дайын".
Автор: Құралай Пионер