Сыртқы істер вице-министрі БҚО-да дрон құлау дерегі бойынша пікір білдірді

231

Жақында БҚО аумағында дрон құлаған болатын.

Сыртқы істер вице-министрі БҚО-да дрон құлау дерегі бойынша пікір білдірді Фото: Kazinform

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Мәжіліс кулуарында Батыс Қазақстан облысына құлаған дронға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұған дейін Батыс Қазақстан аумағында тағы бір дрон құлағанын жазғанбыз. Ұшқышсыз ұшу аппараты Ақжайық ауданының аумағынан тыс жерде табылған. Жергілікті полиция оқиғаның барлық мән-жайы анықталатынын хабарлады.

Вице-министрдің сөзінше, ведомство өз құзыреті шеңберінде тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Бұл тек қана Сыртқы істер министрлігінің ғана жұмысы емес, басқа да құзырлы органдардың қатысуымен жүргізіліп жатқан жұмыстар. Қазір қосымша ақпарат жоқ", – деді Ержан Ашықбаев.

Тілшілер "Осы оқиғалар бойынша дипломатиялық жолмен ресми сұрау жіберілген жоқ па?" деп нақтылады.

"Біз өз жұмысымызды атқарып отырмыз. Нәтижесі анықталғанда тиісті ақпарат берілетін болады. Тиісті мекемелерге, тараптарға сұрау жолданды", – деді ол.

Бірақ ведомство өкілі қай тараптарға сауал жіберілгенін нақтыламады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу