"Барлық бөлменің жарығы қосулы": Атырауда өлтірілген бойжеткен күнделігінде күдіктінің атын жазған

726

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында туып-өскен Яна есімді қыздың денесі бірнеше күн бойы іздестірілді.

"Барлық бөлменің жарығы қосулы": Атырауда өлтірілген бойжеткен күнделігінде күдіктінің атын жазған Фото: azh.kz

Өкінішке қарай, оның өлі денесі табылды. Оны танысы өлтіріп, денесін өзенге лақтырып кеткен деп айыпталды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сенсек, Яна 2001 жылы дүниеге келген. Мектепті үздік бітіріп, Атырау мұнай және газ университетіне грантқа түскен. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң магистратураға түсіп, осы жазда магистр дәрежесін алған. Сонымен қатар Атырау Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтында жұмыс істеген.

18 қазанда Яна анасына соңғы рет хабарласқан. Ол кезде анасы Галина іссапармен Ақтау қаласында болған. Келесі күні Галина қызына хабарласқанда, оның телефоны өшіп тұрған. Кешке қарай Галина әпкесінен үйіне барып көруін сұраған. Үйге келгенде әпкесі барлық бөлменің жарығы қосулы, ал Янаның өзі жоқ екенін көреді.

"Қыздың сыртқы киімі коридорда ілулі тұрды. Қуаттағыш құрылғысы мен наушниктер де үйде болды. Ол бұларсыз мүлдем шықпайтын. Меніңше, болжамды өлтірушімен байланыс көлікте болғандықтан ол курткасын кимеген. 20 қазанда мен Атырауға ұшып, бірден полицияға хабарлап, жоғалғаны туралы арыз бердім", – деп әңгімелейді анасы.

Янаның күнделігінде оған жақын болған бір адам туралы жазбалар кездеседі. Ол адамды Яна "Р" деп белгілеп отырған. Оның достары анасына бұл адамның байланыс нөмірін береді. Жігітпен сөйлескенде ол Янаны көрмегенін және бір аптадан астам уақыт сөйлеспегенін айтады. Галина сол адамды күдікті деп санайды, бірақ ресми түрде бұл ақпарат расталмаған. Ал 23 қазанда таңертең полиция екі күдікті, яғни 24 және 25 жастағы ер адамдарды қамауға алды. Олардың кінәсін мойындағанын хабарлады.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, олар Янаны Орал өзеніне тастаған.

Янаның анасы Галина Легкодимова әлеуметтік желілер арқылы жергілікті әкімдікке іздестіру жұмыстарына қосымша техника мен адамдар беруді сұрап, өтініш білдірді. Облыстық әкімдік пен ТЖД іздестіру топтарын көбейтіп, Галинаға барлық шаралар жайлы хабарлап тұруға уәде етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу