Сыртқы сауда айналымы 42,5 млрд долларға жетті

707

Экспорт - 26 млрд, импорт 16, 5 млрд долларды құрады.

Сыртқы сауда айналымы 42,5 млрд долларға жетті

Бұл туралы үкімет отырысында  ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Ол бұл көрсеткіш қаңтар-маусым айларына тиесілі екенін айтты. 

"Cыртқы сауда айналымы 42, 5 млрд долларға жетті. Экспорт - 26 млрд,  импорт - 16, 5 млрд долларды құрады. Сауда балансының оң сальдосы 9,5 млрд доллар деңгейінде сақталды", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, өнеркәсіп өндірісі 1,3%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3,8% өсті. 

"Өңірлердегі өнеркәсіпте өсім байқалады. Ең жоғары өсімді Солтүстік Қазақстан (8,1%) және Қостанай (6,5%) облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы (6,5%) көрсетті. 5 өңірде өнеркәсіп көрсеткіші төмендеді. Олар: Қызылорда (-10,4%), Маңғыстау (-4,5%), Ақтөбе (-3,3%), Шығыс Қазақстан (-0,6%) облыстары және Шымкент қаласы (-0,8%)", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу