Сыртқы сауда айналымы 7 айда 48,7 млрд долларды құрады

784

Сауда балансының оң сальдосы 8,5 млрд доллар болды. 

Сыртқы сауда айналымы 7 айда 48,7 млрд долларды құрады

Қазақстан әлемнің 105 еліне өнім экспорттады. Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді. 

"Жыл басынан бері автомобиль жасау 51,8%, фармацевтика 34,1, дайын металл бұйымдары 18,8%, қағаз өнімдері 15,3% және жеңіл өнеркәсіп 11% өсті. Дайын өнімдердің экспорты ұлғайды. Жеті айда автомобиль экспорты 7 есеге, ферросилиций 6 есеге, күнбағыс майы 1,7 есеге, титан құймаларының экспорты 20,5%-ке өсті. Есепті кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт жасалды", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, 7  айда сыртқы сауда айналымы 48,7 млрд долларды құрады. 

"Экспорт – 28,6 млрд, импорт – 20,1 млрд доллар болды. Сауда балансының оң сальдосы 8,5 млрд доллар деңгейінде сақталды", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу