Сыртқы сауда айналымы 97 млрд долларға жетті

666

Ең төменгі жалақы 1,5 есе өстті.  

Сыртқы сауда айналымы 97 млрд долларға жетті Фото: primeminister.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің былтыр атқарған жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, жаһандық экономиканың дамуы тежелгеніне қарамастан, 2019 жылы ел экономикасының өсімі 4,5% құрады. Бұл соңғы 6 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Өсімнің 85% шикізаттық емес салаларды дамыту есебінен болды.  

Жария етілгендей, өңдеу өнеркәсібі – 4,5%, құрылыс саласы – 12,9%, көлік саласы – 5,1%, сауда саласы  – 7,6% өсім көрсеткен. Негізгі капиталға cалынған инвестиция –8,5%, оның ішінде жеке инвестиция – 9,5% артқан. Сыртқы сауда айналымы 97 млрд долларға жетіп, оң сальдо19 млрд теңгені құраған. Инфляция жоспарланған 5,4%  шегінде болған. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% шамасында сақталған. Ал ең төменгі жалақы 1,5 есе өскен.  

"Үкімет экономикалық өсімнің оң қарқынынын сақтауды және оны ары қарай дамытуды мақсат тұтады. Бұл үшін еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатыр", – деді үкімет басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу