Сыртқы саясатта экономикалық дипломатияға баса мән береміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

920

"Сабақтастық сақталады".

Сыртқы саясатта экономикалық дипломатияға баса мән береміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Коронавирус Қазақстанның сыртқы саясатына, оның ішінде дәстүрлі серіктес елдермен байланысына айтарлықтай сызат түсірмеуі керек. "Egemen Qazaqstan" газетіне сұхбат берген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір айтты.

"Жалпы, сыртқы саясатымыздың сабақтастығы сақталатын болады. Өзіміздің дәстүрлі және жаңа серіктестерімізбен өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыта береміз. Сонымен қатар кез келген мемлекет үшін басқа елдерден инвестиция тартудың маңызы зор. Сондықтан біз де сыртқы саясатта экономикалық дипломатияға баса мән береміз. Бұл – Қазақстанның ұзақ мерзімге арналған стратегиясындағы басым бағыттың бірі. Алдағы кезеңде де солай болып қала береді. Сыртқы саясат сөз жүзінде емес, іс жүзінде сындарлы болуға тиіс. Дипломатия саласы да індеттің салдарынан сабақ алғаны жөн", – деді мемлекет басшысы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу