Сыртқы саяси зерттеулер институтының мәртебесі артады

806

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды.

Сыртқы саяси зерттеулер институтының мәртебесі артады

"Дипломатиялық қызмет ардагерлерінің әлеуметтік қорғалуын жетілдіру мақсатында заңда "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері" ұғымы бекітіледі. Бұл санатқа зейнеткерлік жасқа толған және кемінде 25 жыл еңбек өтілі бар, оның ішінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында 15 жыл жұмыс істеген адамдар қосылады", – деді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді. 

Оның сөзінше, төтенше және өкілетті елші, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл қызметін атқарған немесе төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет ардагерлеріне Қазақстан Республикасының үкіметі айқындайтын тәртіппен ай сайын ақшалай төлем төленеді. Қажетті шығындарды республикалық бюджет комиссиясы биыл 11 тамызда қолдаған. 

"Әлемдік саясат пен экономика саласында іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеу жүргізу мақсатында дипломатиялық қызмет органдары жүйесіне ғылыми мекемелерді кіргізу ұсынылады. Бұл сыртқы істер министрлігіне қарайтын сыртқы саяси зерттеулер институтының мәртебесін арттырып, оның қызметінің негізгі бағыттарын бекітуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Қанат Махамбет

Фото: jebeu.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу