Сырттан келетін азық-түлік бағасы шарықтайды

1328

Себебі жаһандық экспорт тасымалын қалыпқа келтіру ұзақ уақытқа созылады.      

Сырттан келетін азық-түлік бағасы шарықтайды

Шетелден келетін азық-түліктің бағасы шарықтауы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгінде тауар тасымалдауға арналған контейнерлерді жалға алу қиындап кеткен. Оның үстіне айлақтарда оларды қоятын бос орын жоқ. Жолдар жабылған соң, қаншама жүк тапсырыс берілген жерге жетпей қалған. Сондықтан алдағы уақытта кофе, шай, теңіз өнімдері сияқты импорт тауарлардың бағасы күрт көтеріледі.

Ал біздің Үкімет шекті бағаны енгізсе де, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  сонда да қымбаттауда. Сәуір айының алғашқы аптасында-ақ ішіп-жем құны 0, 8 пайызға көтерілген. Ал жыл басынан 4,8 пайызға артқан. Бағаның өсімі пияз , сәбіз, орамжапырақ, картоп, қант және тауық етінде едәуір байқалған. Ал әлемде керісінше азық-түлік құны жыл басынан бері 4,3 пайызға төмендеген. Бұған коронавирусқа байланысты сұраныстың кемуі себеп.  Әсіресе сұйық май мен қант бағасы бірден түскен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу