Сырттан тауар тасымалдайтын компаниялар тексеріліп жатыр

821

Тауарларды контрабандалық жолмен тасымалдағандарға 3,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Сырттан тауар тасымалдайтын компаниялар тексеріліп жатыр

Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты бақылау жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл туралы жоспары құрылып, бақылаушы мемлекеттік органдармен бірлесіп бекітілген болатын.

ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, "Қорғас" ШЫХО-да жүкті заңсыз тасушылардың дені көлеңкелі компаниялардың өкілдері. Ондай компаниялар тұлғаларды тауарын кедендік тазартусыз шекарадан өткізу үшін тартады.

Айта кетсек, қазіргі уақытта жеке тұлғалардың тауарларды әкелуінің рұқсат етілген нормасы 50 кг-дан 25 кг-ға дейін қысқарды.

Мұндай жосықсыз компанияларды хронометраждық тексеру басталған. Олар көбіне құжаттардағы мәліметтерді дұрыс мәлімдемеумен қатар жанама салық төленетін нақты айналымдарды көрсетпейді.

"Бұзушылықтарға жол берген сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданып, 3,2 млрд теңге көлемінде 80-нен астам айыппұл салынды", – деп атап өтті комитет басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу