Сырттан турист тартатын туроператорлардың шығыны субсидияланады

690

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы екінші оқылымда қабылданды. 

Сырттан турист тартатын туроператорлардың шығыны субсидияланады

Құжатты бірінші оқылымда талқыланғанда мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елімізде басым туристік аумақ ұғымы енгізілетінін мәлімдеген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Екінші оқылымда сенатор Динар Нөкетаева заң жобасы реттеуші құралдарды оңтайландыруды, туристік салаға қатысты мемлекеттік қолдау шараларын айқындауды сондай-ақ көшпелі туризмнің қызметін реттеу арқылы туризмді 
дамытуды ынталандыруға құқықтық жағдай жасауды көздейтінін жариялады. 

"Заң жобасын қабылдау туристік саладағы мемлекеттік реттеуді одан әрі жетілдіруге, туристік қызмет саласындағы заңнаманың сапасын арттыруға және инвестиция тарту тетігі арқылы туристік саланы дамытуға мүмкіндік береді. Заң жобасы бойынша сенаттың тұрақты комитеттерінен ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ", – деді депутат. 

Құжатқа қатысты сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та пікір білдірді. 

"Елімізде туризм саласын дамыту маңызды мақсаттардың бірі. Бүгін қабылданған заң осы бағытта кешенді заңнамалық негіз қалыптастырады. Соған сәйкес қаржылай қолдау тетігінің ауқымы кеңейді. Олардың қатарында инвестициялық жеңілдік, туристік қызметті ынталандыру, сырттан туристер әкелетін туроператорлардың шығындарын субсидиялау сияқты басымдықтар бар", – Мәулен Әшімбаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу