Сыртқы істер министрлігі мен "Самұрық-Қазына" Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды

914

Жоспардың мақсаты - жақында жасалған Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды  іске асыру.

Сыртқы істер министрлігі мен "Самұрық-Қазына" Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды

Тиісті құжатты Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бекітті.

Жоспарға сәйкес, Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық миссиялары экономикалық дипломатияны дамыту аясында Қорға өз стратегиялық міндеттерін іске асыруға жәрдемдеседі. Шетелдік серіктестерді тартумен Қазақстанның басым секторларының тұрақты экономикалық өсуінің мақсаттарына жету бойынша жұмыс белсенді жүргізілетін болады.

Құжат инвестицияларды тарту, халықаралық іс-шараларды және ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізу, энергетикалық кешенді дамыту, жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын, транзиттік және көлік әлеуетін іске асыру, елімізге технологиялардыңтрансферті және қазақстандық экспортты ілгерілету бойынша өзара әрекеттестіктің бағыттарын нақтылады. Шетелдік серіктестермен қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруына бірлесіп бақылау жүргізіледі. Қазақстанның шет елдермен екіжақты іскерлік кеңестерін дайындау мен өткізудегі күш-жігерді үйлестіруге ерекше назар аударылады.

Сыртқы саяси ведомствосы өзінің қызметінде салалық министрліктер және ұлттық компаниялармен белсенді түрде жұмыс істейді. Қазіргі таңда қабылданған бірлескен құжаттардың аясында Инвестициялар мен даму, Ауыл шаруашылығы, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Мәдениет және спорт министрліктерімен, сондай-ақ "Kazakh Invest" ҰК" АҚ мен "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-мен ынтымақтастық жүйеленген."Kazakh Export" АҚ-мен Меморандумы мен Іс-шаралар жоспарының қабылдануы көзделуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу