Сырым Шәріпханов ТЖ орнындағы күштер мен құралдардың жұмысы туралы айтты

485

Министр қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда екенін айтты.   

Сырым Шәріпханов ТЖ орнындағы күштер мен құралдардың жұмысы туралы айтты Фото: SN.kz

"Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралуының қаупі бар, алайда бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдардың тобы жеткілікті", - деді министр.

Естеріңізге сала кетсек, орман өртін сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі мен ІІМ-нен 1500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылды. Сондай-ақ өрт ошақтарына су төгу үшін су ағызу құрылғылары бар 12 тікұшақ және өрт аумағын аэровизуалды тексеруді жүзеге асыру үшін 2 тікұшақ тартылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1017 рет көлемі 3000 тоннадан астам су ағызылды.

Ұшу кезінде министр шығыс бағытта өрттің белсенділігі байқалғанын, дегенмен авиациялық техникамен және жерүсті топтармен жану ошақтарын жойып, өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды жұмылдыруда нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.

Сонымен қатар министр жұмылдырылған күштер мен құралдардың жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрттің таралуын тоқтатуға қол жеткізілді. Қазіргі уақытта жедел штабтың деректері бойынша өрттің жалпы көлемі 60 000 га құрайды, оның 43 000 га жану ошақтары байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу