Наурыз айының соңына дейін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын 115 елдің павильонының құрылысы толық аяқталады. Бұл туралы бүгін журналистерге "Астана ЭКСПО-2017" АҚ халықаралық қатысушылармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Илья Оразақов мəлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
"Көрмеге қатысатын 115 елдің 113-іне павильондары тапсырылды. 12 елдің павильоны тапсыруға дайын тұр деуге болады. Ай соңына дейін 115 елдің барлығына павильондарын тапсырып қоямыз", – дейді департамент директоры.
Оның айтуынша, егер ЭКСПО компаниясы қолынан келгенше, қатысушы елдердің кез келген ниет-тілегі орындалауға тырысады.
"Алайда егер қатысушы елдің сұрауы қауіпті болса, онда өтінішті қанағаттандыра алмаймыз", – дейді Илья Оразақов.
Айта кетейік, бүгін ЭКСПО компаниясында Қытай мен Аустрия елдерінің павильондары табысталды.