Т. Дүйсенова Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысымен кездесу өткізді

717

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Түрікменстандағы және Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы, Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Зейнал Гаджиевпен кездесу өткізді.  

Т. Дүйсенова Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысымен кездесу өткізді

Кездесуде ішкі, сыртқы көші-қон мәселелері және бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері қаралды.

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Халықаралық көші-қон ұйымын көпжылдық табысты серіктестік байланыстыратынын атап өтті.

Сондай-ақ министр ҚР Президентінің Жарлығымен 2022 жылдан бастап еңбек мигранттарына жұмыс істеуге рұқсат беру және пана іздеуші азаматтарға босқын мәртебесін беру функциялары Ішкі істер министрлігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілгенін айтты. Осыған байланысты 2022 жылы министрлікте Көші-қон комитеті құрылды. Оның мақсаты – көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Кездесу барысында министрлік әзірлеген жаңа Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі бағыттары талқыланды. Бұл бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыру үшін Жол картасын әзірлеу ұсынылды.

Өз кезегінде Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы министрліктің бастамаларын толығымен қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол ұйым бірқатар жоба бойынша, атап айтқанда Алматы процесі, Еңбек көші-қоны жөніндегі бағдарлама бойынша бірлескен жұмысты күшейтуге әзір екенін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта да аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу