Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі оңтүстік өңірлерден көшіп келген қазақстандықтармен кездесіп, олардың өмір сүру жағдайымен танысады.
Тамара Дүйсенова СҚО кәсіпкерлерімен жұмыспен қамту және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр. Жастармен кездесуде министр мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып береді.
Сонымен қатар министр ҮЕҰ және ардагерлер кеңесінің өкілдерімен, көпбалалы аналармен және мүгедектігі бар адамдармен, сондай-ақ өңір активімен кездесулер өткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу